Максим Самородов Ресей премьер-лигасында командасына жеңіс сыйлады (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
12.04.2025, 23:38

Қазақстандық шабуылшы Максим Самородов Ресей Премьер-Лигасының 24-турында "Ростовқа" қарсы өткен ойында көзге түсті. 

offside.kz

"Ахмат" командасының шабуылшысы Самородов 67-минутта гол соғып, командасының басымдығын арттырды. Бұған дейін, 51-минутта Надер Гандри пенальтиден есеп ашқан болатын.

Грозныйлық клуб "Ростовты" 2:1 есебімен жеңді. 

Бұл гол Максим Самородов үшін "Ахматтағы" алтыншы ресми гол болды. Ол грознендік клуб сапында 23 матчқа қатысып, осы уақытқа дейін:

  • 6 гол соқты
  • 2 нәтижелі пас берді