"Қайрат" Қызылордада ұпай жоғалтты

Редактор Penalty.kz
20.04.2025, 17:12

Қазақстан Премьер-лигасының 5-турында "Қайсар" мен "Қайрат" арасындағы матчта ескп ашылмады. 

kazfootball.kz

Букмекерлер мен футбол мамандары бұл ойында ел чемпионы "Қайратты" айқын фаворит деген пікірде болған. Бірақ алаңдағы жағдай мүлде басқа сценарий бойынша өрбіді.

Бірінші минуттардан бастап екі команда да тең дәрежеде ойнады. Алматылықтар аздап басымдық танытқанымен, қауіпті шабуылдар нәтижесіз аяқталды. Екінші таймда алаңға Дастан Сәтпаев пен Жоао Пауло шықты. Бірақ олардың қосылуы да гол соғуға көмектесе алмады. Матч соңында "Қайсар" тіпті жеңіс голын соғуға жақын болды.

Бұл тең ойыннан кейін "Қайрат" 14 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орынды сақтап қалды. Ал "Қайсар" үш ұпаймен турнирдің төменгі бөлігінде қалды.

"ҚАЙСАР" (Қызылорда)  — "ҚАЙРАТ" (Алматы)  0:0