"Атырау" құрамына үш дүркін ел чемпионы қосылды

Редактор Penalty.kz
24.04.2025, 18:20

"Атырау" футбол клубы 25 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Сұлтан Сағынаевты қатарға қосқанын ресми түрде мәлімдеді.

instagram/@fc_atyrau

Сұлтан Сағынаев — Алматы қаласының тумасы, “Астана” футбол мектебінің түлегі. Елордалық клубпен Қазақстан чемпионатын үш рет және Кубокты бір мәрте жеңіп алған. Сонымен қатар жастар құрамасында өнер көрсетіп, УЕФА жасөспірімдер лигасында 3 голмен көзге түскен.

"Астана" сапында болған жылдары Сағынаев бірнеше клубта арендалық негізде ойнады:

  • “Ертіс”
  • “Ақсу”
  • “Каспий”
  • “Мақтаарал”
  • “SD Family” (Астана)

Жалпы кәсіби деңгейде 87 матч өткізіп, 6 гол соққан.

Айта кетейік, бұған дейін “Атырау” клубына жаңа бас бапкер келген еді. Команда тізгінін Қуаныш Қабдолов ұстады. Ол Константин Горовенконың орнына келді.