Соболенконы тақтан түсірген Рыбакинаға WTA арнайы жүлде табыстады

Жарнама
Жарнама

Елена Рыбакина US Open-2026 турниріндегі тарихи жеңісінен және WTA рейтингінде бірінші орынға көтерілгеннен кейін арнайы марапатқа ие болды.

Соболенконы тақтан түсірген Рыбакинаға WTA арнайы жүлде табыстады
instagram.com/wta

Әлемнің бірінші ракеткасы жүлдесі табысталды

WTA ұйымының әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында Елена Рыбакинаның арнайы марапатпен түскен видеосы жарияланды. Кадрда қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасына арналған жүлдені ұстап тұр. WTA оны US Open-дегі жеңісінен кейін әлемдік рейтингтің жаңа көшбасшысы ретінде таныстырды.

Рыбакина тарихи жетістіктен кейін эмоциясын жасырмады.

"Бұл жетістікке жеткеніме өте қуаныштымын. Бұл керемет сапар болды, ұмытылмас сәттер көп болды. Бұл тек бастамасы деп үміттенемін. Баршаңызға рахмет", – деді Рыбакина.

US Open финалында Соболенконы жеңді

27 жастағы қазақстандық теннисші Нью-Йорктегі US Open турнирінде мансабындағы алғашқы чемпиондық атағын жеңіп алды. Ол финалда Арина Соболенкоға қарсы үш сетке созылған тартысты матчта 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Бұл титул Рыбакинаның мансабындағы үшінші "Үлкен дулыға" жүлдесі болды.

Рыбакина US Open финалына дейін-ақ WTA рейтингінде бірінші орынға көтерілген. 14 қыркүйекте жаңартылған әлемдік рейтинг ресми жарияланғаннан кейін ол Қазақстан атынан WTA классификациясын басқарған тарихтағы алғашқы теннисші атанды.

WTA мәліметінше, Рыбакина әйелдер теннисі тарихында әлемнің бірінші ракеткасы дәрежесіне жеткен 30-шы ойыншы болды.

Осылайша қазақстандық теннисші бірнеше жыл бойы әлемдік теннистің көшбасшылары қатарында жүрген Арина Соболенконы рейтингтің бірінші орнынан ығыстырды.

2026 жылы екі "Үлкен дулыға" жеңіп алды

Рыбакина үшін 2026 жылғы маусым үшін аса табысты өтіп жатыр. US Open-дегі жеңіс оның биылғы екінші "Үлкен дулыға" чемпиондығы болды. Бұған дейін Australian Open-2026 турнирінде топ жарған.

Қазір Елена Рыбакинаның еншісінде үш "Үлкен дулыға" титулы бар:

  • Уимблдон-2022
  • Australian Open-2026
  • US Open-2026

Осы жетістіктердің нәтижесінде Рыбакина әлемдік рейтингтің шыңына көтеріліп, Қазақстан теннисі тарихында жаңа белес орнатты.

Жарнама
Жарнама