Мадридтік "Реал" Испания кубогының финалдық матчына қатысудан бас тартуы ықтимал.
Испанияның ең танымал футбол бағдарламаларының бірі — El Chiringuito de Jugones ("Ойыншылардың жағажай бары") Mega және LaSexta телеарналарында тұрақты түрде жарық көреді. Бұл жоба Ла Лиганың басты клубтарының өзекті мәселелерін талқылайды.
Бағдарлама өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында "Реал" клубының Испания кубогының финалын бойкоттауы мүмкін екенін хабарлады.
"Реалдың" заңгерлері арбитрлерден ресми кешірім талап ететін мәлімдеме дайындап жатыр. Егер талап орындалмаса, команда финалдық ойынға шықпай, кері оралуы ықтимал", – делінген хабарламада.
Мадридтік клубтың ішкі арнасы Рикардо Де Бургос Бенгоэчеа есімді бас төрешінің финалға тағайындалуына қарсы наразылық білдіріп, арнайы видео жариялады. Бейнежазбада төрешінің "Реалға қарсы" бірқатар қателіктер жібергені айтылған.
Финал алдындағы баспасөз мәслихатында Бенгоэчеа өзіне қатысты сын туралы сұрақ қойылғанда көзіне жас алып:
"Ұлым мектептен жылап келді. Оны әкесін ұры деп мазақ еткен. Бұл маған өте ауыр тиді", – деп ағынан жарылды.
Бұдан соң, "Реал" Корольдік испан футбол федерациясынан (RFEF) Бенгоэчеаны финалдан шеттетуді талап еткен. Алайда федерация клубтың талабын қабылдамады.
Жауап ретінде мадридтіктер бірнеше қадам жасады:
Клуб президенті Флорентино Перес командалардың президенттері үшін ұйымдастырылған ресми кешкі асқа қатыспайтынын мәлімдеді.
Испания кубогының финалдық кездесуі 26 сәуір күні Севилья қаласындағы Олимпиадалық стадионда өтеді. Қазіргі жағдай финал тағдырына қалай әсер ететіні әзірге белгісіз.