"Елімай" ірі жеңіске жетті (ВИДЕО)
26.04.2025, 19:15
Қазақстан Премьер-Лигасының алтыншы турында талдықорғандық "Жетісу" семейлік "Елімайды" қабылдады.
instagram/@kazfootballkz
Кездесудің басталуы семейлік клуб үшін сәтті өтті. Екінші минутта Самуэль Одеоибо шеткі алаңнан дәл соққы жасап, есеп ашты. Ал бірінші таймның соңында "Елімай" қақпашысы Максим Ковальдің ұзын пасынан кейін Фессу Плакка есепті еселей түсті.
Екінші таймда Фейсал Мудич тағы бір гол соғып, жеңісті нығайтты — 0:3.
Бұл жеңістен кейін "Елімай" 13 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орынға көтерілді. Ал "Жетісу" үш ұпаймен соңғы орындарда қалып отыр.
ҚПЛ. 6-тур.
"Жетісу" (Талдықорған) — "Елімай" (Семей) 0:3 (0:2)
Голдар: Одеоибо 2 (0:1), Плакка 45 (0:2), Мулич 64 (0:3)
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама