Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Ақтөбе" бас бапкерсіз жеңіске жетіп, көшбасшылар қатарынан көрінді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
26.04.2025, 21:30

Қазақстан Премьер-Лигасының алтыншы турында "Ақтөбе" Жезқазғанның "Ұлытау" командасын қабылдады.  

Instagram /@fcaktobe_official
Реклама
Реклама

Бас бапкердің отставкасына қарамастан алаң иелері бұл кездесудің анық фавориті саналды. Қарсылас — турнир кестесінің соңында тұрған "Ұлытау" ұжымы еді.

Ақтөбеліктер ойын тізгінін өз қолдарында ұстады. Бірақ жиі шабуылдағанымен қауіпті сәттерді көп жасай алмады. Қорғаныста да бірнеше рет қарсы шабуылдан қателікке бой алдырды.

Кездесу тағдырын 76-минутта Жайро Жанның соққан жалғыз голы шешті.

Бұл жеңістен кейін "Ақтөбе" 13 ұпай жинап, турнир кестесінің жоғарғы бөлігінде орнықты. Ал "Ұлытау" екі ұпаймен төменгі орында қалып отыр.

ҚПЛ. 6-тур. 

"Ақтөбе" — "Ұлытау" (Жезқазған) 1:0 (0:0)

Гол: Жан 76 (1:0). 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары