"Барселона" — "Реал" финалы Испания Кубогында нағыз драмаға айналды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
27.04.2025, 08:47

Севилья қаласындағы Олимпиадалық стадионда Испания Кубогының финалдық ойыны өтті. Футбол жанкүйерлері асыға күткен тартысты матчта алаңға Каталонияның "Барселонасы" мен Мадридтің "Реалы" шықты. 

fondoruso.ru

Матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Ойынның 28-минутында Педри дәл соққы жасады. Алайда екінші таймда мадридтік клуб қарымта қайтарды: 70-минутта Килиан Мбаппе есепті теңестірсе, 77-минутта Орельен Чуамени "Реалды" алға шығарды. Бірақ каталондықтар да оңайлықпен беріле қоймады — 84-минутта Ферран Торрес қарымта гол соқты.

Матчтың тағдыры қосымша уақытта шешілді. 116-минутта Жюль Кунде жеңіс добын соғып, "Барселонаға" тарихи жеңіс сыйлады.

Осылайша Хави шәкірттері "Реалды" 3:2 есебімен тізе бүктіріп, Испания Кубогының жаңа иегері атанды. Бұл каталондық клуб тарихындағы 32-ші Кубок жеңісі. "Барселона" аталмыш турнирдің ең көп жеңіске жеткен клубы болып қала береді.