Қазақстан Премьер-Лигасының 6-турында Петропавлдың "Қызылжар" командасы Қостанайда Қызылорданың "Қайсарын" қабылдады.
Үзіліске дейін екі команда тең дәрежеде ойнады. Ал екінші таймда алаң иелері белсенділік танытып, өз пайдасына пенальти алды. Айбол Әбікен өзінің айып алаңында Самат Жарынбетовты шалып жығып, төреші пенальти белгіледі. Сенин Себаи он бір метрден тек екінші мүмкіндікте мүлт кетпеді.
Бірнеше минуттан кейін Нене Гбамбле қарсыластар айып алаңына өтіп, ортаға пас шығарды. Бұл пасты Дарко Зорич нәтижелі аяқтап, есепті еселеді. Қызылордалықтар тек бір голмен шектелді. Қарам Сұлтанов мергендік танытты.
ҚПЛ. 6-тур.
“Қызылжар” (Петропавл) – “Қайсар” (Қызылорда) 2:1 (0:0)
Голдар: Себаи 68 (1:0), Зорич 73 (2:0), Сұлтанов 80 (2:1)
Соғылмаған пенальти: Себаи 68 (қақпашы).