Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Ламин Ямаль Чемпиондар лигасында екі тарихи рекорд орнатты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
01.05.2025, 08:12

Жуырда каталондық клуб өз алаңында "Интерді" қабылдап, 3:3 есебімен тең тарқасты.

matchtv.ru
Реклама
Реклама

«Барселона» клубының жас вингері Ламин Ямаль Чемпиондар лигасында тағы бір белесті бағындырды. Атап айтқанда, оның жартылай финалдағы өнері екі бірдей рекордпен ерекшеленді.

Мбаппені артта қалдырды

17 жастағы Ламин Ямаль Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Интерге» қарсы матчта (3:3) гол соғып, бірден екі тарихи жетістікке қол жеткізді.

Біріншіден, ол — Чемпиондар лигасы тарихындағы жартылай финалда гол соққан ең жас ойыншы. Оның жасы 17 жас 291 күн болды. Осылайша, Ямаль бұрынғы рекорд иесі Килиан Мбаппені (18 жас 140 күнде гол соққан) басып озды.

Үш кезеңде қатарынан гол соққан алғашқы жасөспірім

Екіншіден, Ямаль Чемпиондар лигасының бір маусымында плей-офф кезеңдерінің үш сатысында — 1/8, 1/4 және 1/2 финалдарда — гол соққан алғашқы тинейджер атанды.

Айта кетейік, бүгін түнде “Барселона” өз алаңында “Интерді” қабылдап, 3:3 есебімен тең тарқасқан болатын. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары