Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Қайрат" шоу жасады: Сәтпаев дубльмен, Жоржиньо үш ассистпен көзге түсті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
03.05.2025, 17:17

Футболдан Қазақстан Премьер-Лигасының жетінші турында Жезқазғанның "Ұлытауы" Алматының "Қайратын" қабылдады.

kazfootball.kz
Реклама
Реклама

Матч басында алаң иелері қарсылық көрсеткенімен, бірінші таймда Дастан Сәтпаев Жоржиньоның шапшаң пасынан кейін бос қақпаны дәл көздеп есеп ашты. 

Екінші кезең басталған бетте-ақ Александр Мартынович баспен гол соғып, есепті еселеді. Бұл гол да Жоржиньоның нәтижелі пасынан кейін болды. 

Көп ұзамай Станислав Павлов өз айып алаңында Сәтпаевты шалып құлатты. 11 метрлікті Гиорги Зария мүлтіксіз орындады — 0:3.

Ал ысқырыққа дейін Жоржиньо тағы бір нәтижелі пас жасап, Сәтпаев дубль авторы атанды. Қорытындыны Максим Чалкин қойды. Қақпашы Заруцкийдің қателігін пайдаланып, "Ұлытаудың" жалғыз голын соқты.

Осылайша "Қайрат" 20 ұпаймен көш басында келеді және "Астанадан" үш ұпайға алда. Елордалықтар өз ойынын ертең өткізеді. Ал "Ұлытау" турнир кестесінің соңында, небәрі 2 ұпаймен тұр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары