Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Астана" екі пенальти орындаса да, аутсайдердің сағын сындыра алмады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
04.05.2025, 19:37

Футболдан Қазақстан Премьер-Лигасының 7-турында "Қайсар" Қызылордада "Астананы" қабылдады. 

instagram/@fckaysar_official
Реклама
Реклама

Матч алдында "Астана" айқын фаворит саналды. Көшбасшылық үшін таласып жүрген команда аутсайдермен кездесуде үш ұпай аламыз деп сенген. Бірақ ойын барысы өзгеше өрбіді.

Елордалықтар алғашқы минуттардан-ақ басымдық танытып, бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Дегенмен "Қайсардың" қақпашысы Нұрымжан Салайдин сенімді ойын көрсетіп, бірнеше сейвпен көзге түсті.

Бірінші тайм соңында Қарам Сұлтанов өз айып алаңында ереже бұзып, төреші пенальти белгіледі. Бірақ Джеффри Чинеду пенальтиден кейін допты бағанаға тигізіп, есеп ашылмады.

Екінші таймда "Астана" шабуылды үдете түсті. Бірақ Казуколовас өз айып алаңында Нұрдәулет Ағзамбаевты шалып жыққаннан кейін, Айбар Жақсылықов 11 метрлікті мүлтіксіз орындап, сырбойылықытарды алға шығарды. 

Ойынның соңғы минуттарында Марлен Айманов қарсыласын шалып жықты, бұл жолы Назми Грипши өз мүмкіндігін жібермей, таразы басын теңестірді. 

Тең ойыннан кейін "Астана»" 18 ұпаймен екінші орынға жайғасты. Олар көш басындағы "Қайраттан" екі ұпай артта келеді. Ал "Қайсар" 4 ұпаймен турнир кестесінің төменгі жағында қалып отыр.

"Қайсар"  — "Астана" 1:1 (1:0)
Голдар:
Жақсылықов пенальтиден 59 (1:0), Грипши пенальтиден 90 (1:1)
Орындалмаған пенальти: Чинеду 41 (бағана). 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары