15 мамырға жоспарланған "Эспаньол" мен "Барселона" арасындағы дерби көрерменсіз өтуі мүмкін.
Осы жексенбіде өткен "Эспаньол" мен "Бетис" арасындағы матч кезінде "Эспаньол" фанаттары алаңға оттықтар лақтырып, төреші ойынды уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Стадион әкімшілігі тәртіпсіздіктер жалғасатын болса, матчты тоқтату мүмкін екенін ресми түрде ескертті. Дегенмен ойын әрі қарай қалыпты жағдайда өтті.
2024 жылы "Эспаньол" фанаттардың тәртібі үшін 3000 еуро айыппұл төлеуге мәжбүр болған еді. Ол кезде клубқа қайталанған тәртіп бұзушылық стадионды жанкүйерлер үшін жабуға әкеп соғатыны туралы ескерту жасалған.
"Goal" порталының жазуынша, алдағы "Эспаньол" — "Барселона" кездесуінің көрерменсіз өту ықтималдығы жоғары. Егер бұл шешім бекітілсе, каталониялық дерби тарихында алғаш рет бос трибуналар алдында өтеді.