"Атырау" футболшылары құрбандық шалды (ВИДЕО)
06.05.2025, 10:52
ҚПЛ-де сәтсіздікке ұшыраған "Атырау" футбол клубы кезекті кездесу алдында тосын әрекетке барды. Команда 7-турда "Ордабасыға" қарсы ойынға дейін діни рәсім өткізген.
instagram/@fc_atyrau
Матч алдындағы дайындық барысында “Атырау” футболшылары құрбандыққа қой шалды. Бұл қадам – команда ішіндегі сәтсіздікті жою мақсатында жасалған әрекет. Клуб өкілдері бұл рәсімнің командаға оң серпін береді деп үміттенген.
Бірақ діни салттың пайдасы болмады. “Мұнайшылар” өз алаңында “Ордабасыдан” 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша клубтың ҚПЛ-дегі жеңілістер сериясы сегіз ойынға ұласты.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама