ПСЖ-ның Чемпиондар лигасының финалына шығуы Парижде қайғылы оқиғамен аяқталды. Елисей алаңдарында команданың жеңісін тойлап жатқан жанкүйерлер тобын көлік соғып, бірнеше адам жарақат алды.
Париж орталығындағы әйгілі Елисей алаңдарында ПСЖ жанкүйерлерінің жеңісті тойлауы қайғылы оқиғаға ұласты. Көлік жүргізушісі қасақана немесе абайсызда футбол жанкүйерлерін қағып кетті. Соның салдарынан бірнеше адам зардап шекті. Бұл туралы Le Parisien хабарлады.
Оқиға 7 мамыр күні түнде орын алды. ПСЖ жанкүйерлері Лондонның "Арсеналын" 2:1 есебімен жеңіп, команданың Чемпиондар лигасының финалына шыққанын тойлап жатқан болатын. Қос матчтың нәтижесі – 3:1, бұл париждіктердің 2020 жылдан бері алғашқы финалы.
Осы қуанышты сәтте бір көлік жанкүйерлерді таптап өткен. Үш адам жарақат алды. Олардың бірі ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді.
Оқиғадан соң ондаған жанкүйер көліктің артынан қуып, ізін суытпауға тырысқан. Алайда кейінірек көлік оқиға орнынан алыс емес жерден өртенген күйде табылды. Бұл тергеу ісін одан әрі күрделендіруде.
Бұған қоса, аталған күні жанкүйерлердің қуанышы жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Куәгерлер мен полицияның мәліметінше:
Жанкүйерлер пиротехника қолданған
Полицияға тас лақтырған
Автокөліктер мен дүкендердің витриналарын сындырған
Париж полициясы көз жасаурататын газ қолдануға мәжбүр болды. Қазіргі мәлімет бойынша 43 адам қамауға алынды.
Чемпиондар лигасының финалы:
ПСЖ – Интер (Милан)
1 маусым 2025 жыл