Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатында соңғы минуттарда гол соғып, "Әл-Наср" командасының жеңісін нықтады. Эр-Риядтық клуб 33-турда "Әл-Халиджді" өз алаңында 2:0 есебімен жеңді.
Матч Эр-Рияд қаласында өтті. Есеп 75-минутта ашылды – сенегалдық шабуылшы Садио Мане командасын алға шығарды. Ал негізгі уақытқа қосылған жетінші минутта, 11 метрлік айып добын дәл орындаған Криштиану Роналду кездесудегі соңғы нүктені қойды.
Айта кетейік, португалиялық жұлдыз бұған дейін бір пенальти мүмкіндігін (65-минутта) мүлт жіберіп алған еді.
Бұл ойын Роналду үшін екі кездесулік үзілістен кейінгі алғашқы матч болды. Жанкүйерлер үшін бұл тосын жаңалық емес — команда капитаны әрқашан шешуші сәттерде өз сөзін айтады.
Жеңістің арқасында "Әл-Наср" 67 ұпай жинап, турнирлік кестеде төртінші орнын сақтап қалды. Команда Сауд Арабиясы чемпионатының соңғы турында 26 мамыр күні Эль-Хасса қаласында "Әл-Фатех" клубымен сырт алаңда кездеседі. Бұл матч қола жүлде үшін тартыста шешуші болуы мүмкін.