39 жастағы хорватиялық жартылай қорғаушының "Реалдан" кеткен соң қайда ойнайтыны белгілі бола бастады. Модричтің Мадридтен кеткісі келмейді.
Испаниялық Gol Digital басылымының мәліметінше, Лука Модрич Мадридте қалуды жоспарлап отыр. Бұл жағдай оның "Хетафе" клубына ауысуына жол ашады. Айта кету керек, "Хетафенің, жаңа бас бапкері ретінде Рауль Гонсалес тағайындалуы мүмкін. Аңызға айналған футболшы бұған дейін "Реал Мадрид Кастилья" клубын жаттықтырған.
Модричтің алдағы карьерасы тек "Хетафемен" шектелмейді. Ол сондай-ақ "Райо Вальекано" және "Леганес" клубтарының нұсқаларын да қарастыруда. Дегенмен "Леганес" қазір Сегунда дивизионында төменгі орындардың бірінде орналасқан. Егер команда Сегундада қалып қойса, бұл нұсқа тәжірибелі жартылай қорғаушыны қызықтыра қоймайтыны анық.
Ағымдағы маусымда Лука Модрич "Реал Мадрид" сапында 55 матчқа қатысып, 4 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген. Бұл көрсеткіштер оның әлі де жоғары деңгейде ойнауға қабілетті екенін дәлелдейді.