Қазақстан Премьер-лигасының 10-турында «Оқжетпес» Алматыда «Қайратты» 2:1 есебімен жеңіп, жанкүйерлерді таңғалдырды.
Қазақстан Премьер-лигасының 10-турында Алматының «Қайрат» командасы өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесіне» 1:2 есебімен жеңіліп, маусымдағы екінші рет қарсыласынан басым түсе алмады.
Алғашқы минуттардан-ақ «Қайрат» допты бақылауға алып, қарсылас қақпасына шабуылдарын үдете түсті. Бірақ «Оқжетпес» қорғанысты мықтап бекітіп, қарсы шабуыл арқылы нәтижеге қол жеткізуге тырысты.
27-минутта Александр Заруцкий Даурен Жұматқа қарсы ойын тәртібін бұзып, пенальти белгіленді. Он бір метрлік соққыны Жұматтың өзі сәтті орындап, есеп ашты — 0:1.
52-минутта Страхиня Йованович «Қайрат» қорғаушыларының орталықтағы өрескел қателігін пайдаланып, есепті 0:2-ге жеткізді.
61-минутта Дастан Сатпаев Толепберген мен Идрисов арасындағы түсініспеушілікті ұтымды пайдаланып, жауап голын соқты — 1:2.
Ойынның қалған бөлігінде «Қайрат» бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды, алайда гол соғуға мүмкіндік таппады. Қонақтар қорғаныста табандылық танытып, Алматыдан үш ұпаймен оралды.
«Қайрат» – 23 ұпай, турнир кестесінде 2-орында. Көшбасшы командадан 2 ұпай ғана қалып келеді.
«Оқжетпес» – 17 ұпай, үздіктер тобына жақындап, турнирдің жоғарғы бөлігінде өз орнын нығайтты.