Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Дағдарыстағы "Қайрат" португалиялық маманға үміт артады

Редактор Penalty.kz
29.05.2025, 06:30

"Қайрат" дағдарыс кезеңіне тап болып, үш матч қатарынан жеңіліп отыр. Жазда басталатын еурокубоктық маусым алдында клуб жетекшілігі жаттықтырушылар құрамын жаңартуды жоспарлап отыр.

sportpulse. kz
Реклама
Реклама

Педру Резенде – басты үміткер

"Қайраттың" бас бапкері қызметіне үміткерлердің бірі — 48 жастағы португалиялық Педру Резенде. Ол негізінен Люксембург чемпионатындағы табысты қызметімен танымал.

Резенденің мансап жолы:

  • УС Эш,
  • Виктория Роспорт,
  • Хамм Бенфика,
  • Женесс Эш,

Ең ірі жетістігі — "Дифферданж 03" клубымен екі маусым қатарынан ел чемпионы атануы.

Қазіргі кезде Резенденің келісімшарты аяқталуға жақын және инсайдер ақпаратына сәйкес ол клубпен жаңа келісімшартқа қол қоюды жоспарлап отырған жоқ. Осы орайда Қазақстан чемпионы атанған "Қайратқа" ауысуы мүмкін.

"Дифферданж" және "Ордабасы" – естен кетпес тартыс

Айта кетейік, 2024 жылдың жазында Резенде жаттықтырған "Дифферданж" УЕФА Конференция Лигасының екінші іріктеу кезеңінде "Ордабасымен" жолыққан.

Бірінші ойында люксембургтік клуб 1:0 есебімен жеңген. Ал қарымта кездесуде 3:4 есебімен жеңіліп, пенальти сериясында жарыстан шығып қалды.

Жоржиньо – Люксембургтен Алматыға

"Дифферданждағы" үздік шабуылшы болған 27 жастағы португалиялық Жоржиньо биылғы маусымнан бастап "Қайраттың" намысын қорғап жүр.  ҚПЛ-да 11 матчта 4 гол, 7 ассист жасап үлгерген.

Бұл байланыс Педру Резенденің Алматы клубына келу ықтималдығын күшейтіп отыр.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары