Лука Модрич енді "Миланның" моторы бола ма?!

Редактор Penalty.kz
03.06.2025, 17:37

Мадридтік "Реал" мен Хорватия құрамасының аңызға айналған футболшысы Лука Модрич алдағы маусымнан бастап Италияның "Милан" клубында өнер көрсетеді. 

liveresult.ru

Келісімшарт 2026 жылға дейін

La Republica басылымының мәліметінше Модрич "россонери" клубына ауысуға келісімін беріп, жақын арада 2026 жылдың жазына дейін келісімшартқа қол қояды. Қазір тараптар келіссөздердің соңғы кезеңінде. Тағы бір қызықты жайт — Лука бала кезінен "Миланға" жанкүйер болған.

Модричтің "Реалдағы" қазіргі келісімі 2025 жылдың жазында аяқталады. Демек атақты ойыншыны еркін агент ретінде ешқандай өтемақысыз сатып алуға мүмкіндік бар.

Лука Модричтің "Реалдағы" мұрасы

2012 жылы мадридтік клубқа келгеннен бері хорватиялық футболшы:

  • 590 матчқа қатысып,
  • 43 гол соғып,
  • 95 нәтижелі пас берген;
  • 28 трофейге, соның ішінде 6 Чемпиондар Лигасы кубогын жеңіп алды.