"Челси" 14 футболшысын сатуға дайын. Клуб басшылығы құрамды түбегейлі жаңартуды көздеп отыр.
Кетуі ықтимал ойыншылардың тізімі:
Трансферлік тізімге кіргендер қатарында — Нони Мадуэке, Кристофер Нкунку, Жоау Феликс, Роберт Санчес, Джордже Петрович, Ренато Вейга, Бен Чилуелл, Аксель Дисаси, Уэсли Фофана, Кирнан Дьюсбери-Холл, Карни Чуквуемека, Лесли Угочукву және Рахим Стерлинг бар. Бұл футболшылардың барлығы тиісті ұсыныс түскен жағдайда командадан кетуі мүмкін.
The Athletic басылымының инсайдері Саймон Джонсон да бұл ақпаратты растады: "Челси" жазда екі таңбалы санға жететін ойыншылармен қоштасуға дайын, яғни кадрлық өзгерістер тек жалғыз-екілі ойыншымен шектелмейді.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың ақпан айында "Челси" "Қайраттан" Дастан Сәтпаевты сатып алған болатын.