Келісілген матчтар: Қазақстан әлемде 4-орында!

Редактор Penalty.kz
04.06.2025, 14:50

Күдік тудырған ойындардың басым бөлігі Бірінші және Екінші лигада тіркелген.

sportarena.kz

Қазақстан футбол федерациясының төрешілік және инспекция департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру еліміздегі келісілген матчтар мәселесі туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы Offside.kz хабарлады.

Sportradar Integrity Unit ұйымының 2024 жылғы есебіне сәйкес, Қазақстан әлем бойынша 4-орында тұр. Келісілген матчтарға күдік көбіне Бірінші және Екінші лига ойындарында байқалған. Бұл – тек елімізге тән құбылыс емес. Дамыған футбол елдерінде де мұндай жағдайлар жиі кездесіп жатады.

Sportradar-пен әріптестікке қадам

Нуну Алешандре Паррейра де Каштрудың айтуынша, қазірдің өзінде ҚФФ Sportradar компаниясымен байланыс орнатып, арнайы әріптестік келісімшартқа қол қоюға дайындалып жатыр. Бұл құжат ҚФФ-на күмәнді бәс тігу әрекеттері мен матчтардағы аномалиялар туралы жедел ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Футбол қауымдастығының мәселесі

Португалиялық сарапшы бұл мәселе тек төрешілерге қатысты емес екенін, бұл — ойыншылар, бапкерлер және төрешілердің ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті. Федерация тарапынан келісілген матчтарға қарсы арнайы іс-шаралар жоспары дайындалуда. Жақын уақытта бұл туралы ресми түрде жарияланады.