Қазақстан ұлттық футбол құрамасы Минскіде өтетін жолдастық матчқа байланысты сапарға шықты. Бұл туралы құраманың баспасөз қызметі Instagram парақшасында бейнематериал жариялады.
Жарияланған видеода футболшылардың әуежайдағы сәттері мен ұшаққа міну көріністері бейнеленген.
“Біз аттандық: Астана — Минск” – делінген жазбада.
Жарақаттарына байланысты маусым айындағы матчтарға бірнеше негізгі ойыншы қатыспайды:
Сонымен қатар, 16 жастағы жас талант Дастан Сәтпаев Минскіге бармайды. Ол 5 маусымда Астанада өтетін Еуро-2027 U-21 іріктеу матчында Андорраға қарсы жасөспірімдер құрамасының сапында өнер көрсетпек.
Бұл жолдастық кездесу 9 маусымдағы әлем чемпионатының іріктеу матчына дайындықтың маңызды бөлігі болмақ. Бас бапкер Әли Әлиев жаңа тактикаларды сынап, негізгі құрамды қалыптастыруды көздеп отыр.