Португалия — Испания арасындағы Ұлттар лигасының финалы пенальти сериясымен аяқталды (ВИДЕО)
09.06.2025, 08:05
2025 жылғы Ұлттар лигасының шешуші ойыны Германияның Мюнхен қаласындағы әйгілі "Альянц Арена" стадионында өтті. Финалда футбол әлемінің екі алпауыты — Португалия мен Испания құрамалары кездесті.
standard-democrat.com
Негізгі ойын қалай өтті?
Матч өте тартысты өрбіді. Екі команда да қарсы шабуылдармен көзге түсіп, негізгі уақытта жеңімпаз анықталған жоқ — есеп 2:2.
Португалия сапынан:
- Нуну Мендеш — 20-минутта есеп ашты;
- Криштиану Роналду — 61-минутта есепті теңестірді.
Испания құрамасынан:
- Мартин Субименди — 21-минутта жауап голын соқты;
- Микель Оярсабаль — 45-минутта командасын алға шығарды.
Экстра-тайм және пенальти
Ойынның қосымша уақытында гол соғылмады. Нәтижесінде жеңімпаз пенальти сериясы арқылы анықталды. Мұнда португалдықтар 5:3 есебімен басым түсті.
Португалия — екі дүркін чемпион
Бұл — Португалия құрамасының Ұлттар лигасынадғы екінші жеңісі. Олар алғашқы титулын 2019 жылы иеленген. Сол кезде турнир алғаш рет ұйымдастырылды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама