Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Футбол инвесторы тамақтан қақалып қайтыс болды

Редактор Penalty.kz
12.06.2025, 23:00

Ол Краковтың "Висла" футбол клубына 5 миллион доллар инвестиция құюы керек болған. 

offside.kz
Реклама
Реклама

Польшаның  Краков қаласындағы мейрамханада кнедликтен (вареникті) қақалып қалған америкалық кәсіпкер Томаш Кокошиньский ес жимастан көз жұмды. 

Миллиондық келіссөз — аяқ астынан үзілді

Америкалық бизнесмен Томаш Кокошиньский жақында Краковтың "Висла" футбол клубына 5 млн доллар инвестиция құю мақсатында Польшаға арнайы келген. Мәміле аяқталуға жақын тұрған. Алайда 4 маусым күні кешкі ас кезінде күтпеген жағдай орын алды.

Краковтағы мейрамханалардың бірінде кешкі ас ішіп отырған сәтінде Кокошиньский кнедликтен қақалып, есінен танып қалған. Дереу ауруханаға жеткізілген кәсіпкер реанимацияға жатқызылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды.

Дәрігерлер өмірін сақтап қала алмады

Бірнеше күнге созылған өмір үшін күресте дәрігерлер оның ми жұмысының бұзылғанын анықтап, өмірін қамтамасыз етіп тұрған аппараттан ажырату туралы шешім қабылдады. Осылайша, 42 жастағы инвестор өмірден озды.

Кокошиньский — металл өңдеу саласында жұмыс істейтін ірі компанияның бас директоры болған.

"Висла" клубы элитаға өте алмады

Айта кетейік, Краковтың "Висла" клубы өткен маусымда Польша чемпионатының екінші дивизионында 4-орын алған болатын. Алайда элиталық лигаға өтуге мүмкіндік беретін плей-офф кезеңінен өте алмады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары