"Қайрат" Словенияның "Олимпиясымен" сырт алаңда тең ойнап, Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде маңызды нәтиже тіркеді. Кездесуде қазақстандық командада жалғыз голды Дастан Сәтпаев соқты.
Кездесуді алаң иелері белсенді бастады. "Олимпия" алғашқы минуттардан-ақ шабуылды жиілетті. Алайда нақты гол соғатын сәттер аз болды. "Қайрат" өз кезегінде қарсы шабуылға иек артты.
Екінші таймда алматылықтар жылдам шабуыл ұйымдастырып, бразилиялық Жоржиньоның нәтижелі пасынан кейін Дастан Сәтпаев есеп ашты. Бұл — "Қайраттың" биылғы еурокубоктағы алғашқы голы болды.
Алайда қуаныш көпке созылмады. Бірнеше минуттан соң словениялықтардың шабуылын португалиялық Диогу Пинту нәтижелі аяқтады. Қалған уақытта алаң иелері клуб шабуылды күшейтсе де, қорытынды нәтиже өзгермеді.
Қарымта матч 15 шілдеде Алматыда өтеді.