Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Бақтиер Зайнутдинов "Бешікташтан" аты аңызға айналған клубқа ауысады

Редактор Penalty.kz
11.07.2025, 03:39

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы жаңа трансферлік кезеңнің басты жаңалықтарының біріне айналды.

instagram/@besiktas
Реклама
Реклама

"Спартак" Ытамбұлда келіссөздерді бастады

Мәскеудің "Спартак" ФК спорт директоры Франсис Кахигао Ыстамбұлға арнайы барып, "Бешікташ" басшыларымен келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Келіссөздердің басты тақырыбы — жартылай қорғаушылар Бақтиер Зайнутдинов пен Жедсон Фернандештің Ресей клубына ауысу ықтималдығына арналды. 

Бағасы — келіссөздің өзегі

Зайнутдиновтың трансфері бойынша бастапқы ұсыныс үш миллион еуро болған. Алайда "Бешікташ" бұл соманы жеткіліксіз деп тауып, кемінде бес миллион еуро талап етіп отыр.

Ал португалиялық Фернандешке қатысты "Спартак" 25 миллион еуро көлемінде ұсыныс жасаған. Футболшы Ресейге ауысуға дайын.

Зайнутдинов пен Фернандештің көрсеткіштері

Бақтиер Зайнутдинов, 27 жаста, 2024/25 маусымында "Бешікташ" сапында 12 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берді.

Жедсон Фернандеш, 26 жаста, өткен маусымда 49 кездесуде алаңға шығып, 12 гол соғып, 3 ассист жасады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары