"Астана" еуропалық құрама футболшысын қатарға қосты (ВИДЕО)
11.07.2025, 16:56
Елордалықтар Черногориядан келген 28 жастағы вингер Дритон Цамаймен келісімшартқа қол қойды. Ол 11-нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді.
sports.kz
Кәсіби жолы: Еуропа клубтарынан “Астанаға” дейін
Цамай футболдағы кәсіби мансабын Черногория астанасы Подгорицадағы “Будучност” академиясынан бастаған. Одан кейінгі жылдары бірнеше еуропалық командалардың намысын қорғаған:
- Хорватия: “Интер Запрешич”
- Черногория: “Дечич”, “Ловчен”, “Искра”
- Венгрия: “Кишварда” және соңғы клубы – “Кечкемет”
Transfermarkt порталы футболшының нарықтағы құнын 350 мың еуро деп бағалайды.
Ұлттық құрамадағы тәжірибесі
Дритон Цамай 2022 жылы Черногория құрамасына алғаш рет шақырту алып, содан бері:
- 24 матчқа қатысқан
- 2 гол соққан
Ол құрамадағы сенімді ойыншылардың бірі ретінде саналады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама