Ол түркиялық "Истанбул Башакшехир" клубымен келіссөз жүргізіп жатыр.
Мәскеудің ЦСКА командасында жарқырап көзге түскен Аббосбек Файзуллаев жаңа сынаққа дайын сияқты. Түркиялық БАҚ мәліметінше, жас ойыншыны Ыстамбұлдың "Истанбул Башакшехир" клубы өз қатарына қосуды қалайды. Бұл туралы түркиялық белгілі журналист Осман Алтунтерим хабарлады.
ЦСКА мен "Истанбул" трансфер бағасы бойынша ортақ келісімге келуге жақын. Дегенмен келісімшарттың нақты сомасы әзірге құпия сақталып отыр.
Файзуллаев бұған дейін де өзінің Еуропада ойнағысы келетінін бірнеше рет ашық айтқан. Егер келісім жүзеге асса, бұл оның арманына жақындай түскенін білдіреді. Еске сала кетсек, жақында "Истанбул Башакшехир" тағы бір өзбекстандық футболшы Эльдор Шомуродовпен келісімшартқа отырған болатын.