Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Реал" бұрынғы ойыншысын 50 млн еуроға қайтарды

Редактор Penalty.kz
13.07.2025, 10:20

Мадридтік «Реал» пен лиссабондық «Бенфика» Альваро Каррерастың трансфері бойынша келісімге келді.

sport863.ru
Реклама
Реклама

22 жастағы испаниялық сол қаптал қорғаушысы «корольдік клубқа» 50 миллион еуроға ауысады. Футболшының келісімшарты 2031 жылдың жазына дейін жасалған.

«Реал» төлемді бөліп төлейді

Фабрицио Романоның мәліметінше,«Бенфика» бастапқыда бірнеше бөліп төлеу шартына қарсы болған. Соған қарамастан мадридтіктер өз дегеніне жетіп, трансфер үшін ақыны бірнеше траншпен төлейтін болды.

Каррерас Мадридке «Манчестер Юнайтед» ресми түрде ойыншыны қайта сатып алу құқығынан бас тартқаннан кейін бірден жол тартады. Бұл құқық ағылшын клубында бұрыннан бар еді.

Қайта оралған мадридтік

Каррерас 2017–2020 жылдар аралығында «Реалдың» жастар командасында ойнаған. Сондықтан бұл трансфер оның «Сантьяго Бернабеуге» оралуы іспетті.

Сарапшылардың пікірінше, ол бірден Ферлан Менди мен Фран Гарсияны қосалқы құрамға ысырып шығаруы мүмкін. Біріншісі – жарақатқа бейім, ал екіншісі – өткен маусымда тұрақсыз өнер көрсетті. «Реалдың» Каррерас үшін осынша сома төлеуі оған деген сенімді білдіреді.

"Барселонаға" қарсы — дәлелденген ойын

Каррерас өткен маусымда «Барселонаға» қарсы ойындарда ерекше көзге түсті. Әсіресе, Ламин Ямальға қарсы қорғаныстағы сенімді ойынымен жанкүйерлер есінде қалды. Ямаль былтыр «Реалға» қарсы 5 ойында 3 гол, 2 ассист тіркеген еді. Сондықтан бұл трансфер каталондық вундеркиндтің ықтимал қауіпін тежеу жолындағы стратегиялық қадам деуге болады.

«Реал» қорғанысын қайта құрып жатыр

Жаңа бас бапкер Хаби Алонсоның келуімен бірге мадридтік клуб қорғаныс шебін толығымен жаңартуғакірісті:

  • Оң қаптал: Трент Александер-Арнолд («Ливерпуль») — €10 млн
  • Орталық қорғаушы: Дин Хейсен («Борнмут») — €62,5 млн
  • Сол қаптал: Альваро Каррерас («Бенфика») — €50 млн
  • Осылайша, төрт қорғаушының үшеуі жаңартылды — бұл маусымда «Реал» қорғаныс тұрғысынан мүлдем жаңа командаға айналмақ.

Каррерастың статистикасы

Альваро Каррерас 2024 жылдың қаңтарынан бастап «Бенфика» сапында ойнап келеді. Алғашында «МЮ»-дан жалға алынған, кейін толықтай сатып алынған. Португалиялық клуб сапында ол 68 матч өткізіп, 5 гол және 6 нәтижелі пас жасады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары