Шымкенттің "Ордабасы" клубының басшылығы ойыншыларды ерекше сыйақымен ынталандырмақ. Команда Конференциялар лигасындағы маңызды ойын алдында рекордтық бонустар алуы мүмкін.
Бұған дейін еурокубоктағы жеңіс үшін 500 мың теңге алған "Ордабасы" ойыншылары енді 2 миллион теңгеден алуы мүмкін. Бұл – бұрынғы мөлшерден төрт есе көп.
Бұл шешім УЕФА Конференциялар лигасында бірінші іріктеу кезеңіндегі маңызды матчпен байланысты. Басшылық ойыншыларды барынша ынталандырып, қарымта кездесуге рух беру мақсатында осындай қадамға барған.
Еске салайық, 11 шілдеде Тбилисидегі алғашқы ойында шымкенттіктер "Торпедоға" 3:4 есебімен жеңілген. Енді 18 шілдеде қарымта матчта Андрей Мартин шәкірттеріне келесі кезеңге өту үшін кем дегенде екі доп айырмасымен жеңіске жетуі тиіс. Немесе көп гол соғылған жағдайда бір доп айырмасымен де ұтуға мүмкіндік бар.