Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Әлем чемпионы атанған бапкер Өзбекстан құрамасымен жұмыс істемек

Редактор Penalty.kz
17.07.2025, 12:58

Өзбекстан футбол қауымдастығымен кеңесші ретінде жұмыс істеу туралы келіссөз жүргізіп жатыр.

rsport.ria.ru
Реклама
Реклама

Германия құрамасының бұрынғы бас бапкері, әлем чемпионы Йоахим Лёв Өзбекстан футбол қауымдастығымен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Sportarena.kz хабарлады.

Қазіргі уақытта тараптар Лёвтің Өзбекстан құрамасына бас бапкер емес, кеңесші ретінде қосылуын талқылауда.

«Тараптар арасында нақты байланыс бар – Лёв бұл ынтымақтастыққа ашық. Алайда мәселе оны бас бапкер ретінде тағайындауда емес. Өзбекстан тарапы әлем чемпионатына дайындық процесіне жетекшілік ететін кеңесші рөлін ұсынды», – дейді бапкерге жақын дереккөз.

Алайда Өзбекстан футбол қауымдастығы (УФА) ішінде бұл мәселеге қатысты бірыңғай пікір жоқ.

«Кей басшылар Лёв секілді үлкен есім иесін бас бапкер етіп шақыру керек деп санайды. Өйткені бұл құраманың деңгейін жаңа сатыға шығарады. Ал басқалары Тимур Кападзені ұстау қажет дейді. Себебі дәл осы Кападзе Өзбекстанды тұңғыш рет әлем чемпионатына шығарды. Ол көмекші рөлге түскісі келмейді және Лёв тағайындалса, қызметінен кетуі мүмкін», – дейді тағы бір дереккөз.

Әзірге нақты шешім қабылданбаған. Келіссөздер жалғасып жатыр, ал Лёвтің рөлі – кеңесші ретінде ме, әлде бас бапкер ретінде ме – жақын арада белгілі болады.

Йоахим Лёв кім?

Йоахим Лёв – 2014 жылы Германия құрамасының бас бапкері ретінде әлем чемпионы атанды. Ол ұлттық құраманы 2006 жылдан 2021 жылға дейін басқарды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары