Карина Магрупова Сингапурда өтіп жатқан әлем чемпионатында әртістік жүзудің техникалық соло бағдарламасында 232.2050 ұпай жинап, үздік он екі спортшының қатарына енді.
Қазақстандық спортшы Карина Магрупова Сингапурда өтіп жатқан су спорт түрлерінен әлем чемпионатында финалға жолдама алды. Ол әртістік жүзудің техникалық соло бағдарламасы бойынша өнер көрсетіп, үздік он екілікке енді.
Су спорт түрлерінен әлем чемпионаты Сингапурда өтіп жатыр. 18 шілдеде әртістік жүзу сайыстары басталып, Қазақстан атынан жарысқа Карина Магрупова қатысты.
Техникалық соло бағдарламасында отандасымыз 232.2050 ұпай жинап, 12-орынға тұрақтады. Бұл көрсеткіш оған финалдық кезеңге жолдама алуға мүмкіндік берді.
Финалдық сайыс 19 шілде күні өтеді. Енді Карина әлемнің үздік спортшыларымен финалда бақ сынайды.