Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстандық маман "Арсеналға" бас бапкер болып тағайындалды

Редактор Penalty.kz
18.07.2025, 18:35

28 жасында мансабын аяқтап, жаттықтырушылыққа бет бұрған Сергей Якушин бүгінде шетелдік клубтың тізгінін ұстады. Қазіргі таңда ол PRO лицензия алуға дайындалып жатыр.

KazFootball.kz
Реклама
Реклама

36 жастағы қазақстандық маман Сергей Якушин ресми түрде Беларусь Премьер-Лигасында өнер көрсететін Дзержинск қаласының «Арсенал» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды. 

Сергей Якушин кім?

Сергей Якушин 1989 жылдың 8 наурызында Павлодар қаласында дүниеге келген. Ол кәсіби футболшы ретіндегі мансабын 2006 жылы алматылық «Цесна» клубында бастаған. Одан кейінгі жылдары «Алма-Ата», «Астана-1964», «Локомотив» (Астана), «Қызылжар» және «Мақтаарал» командаларында ойнаған.

Жасөспірім кезінен Қазақстан құрамасының U-17 және U-19 жастар құрамаларына шақырту алған.

Ерте аяқталған мансап

Футболшы ретінде 28 жасында мансабын аяқтап, жаттықтырушылық жолға бет бұрған. Алматыдағы Alash-PKS футбол академиясында жасөспірім командаларды жаттықтырған. Бұдан бөлек:

  • «Рузаевка», «Екібастұз» және «Ақсу» клубтарында жаттықтырушылар штабына кірген;
  • Кипрлік «Красава» клубында жұмыс істеген;
  • 2023 жылы «Хан-Тәңірі» (Алматы) командасының бас бапкері болған;
  • 2024 жылдың қаңтарынан маусымына дейін туған қаласының «Ертіс» клубын басқарған.

PRO санатындағы лицензияға дайындық үстінде

Қазіргі таңда Сергей Якушин UEFA талаптарына сай PRO санатындағы бапкерлік лицензия алу курсынан өтіп жатыр. Бұл — Еуропа мен халықаралық деңгейде жоғары дәрежелі клубтарды басқаруға мүмкіндік беретін сертификат.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары