TBR Football дерегінше, "Манчестер Сити" 22 жастағы ағылшын қорғаушысын сатып алу үшін 57 миллионнан астам еуро жұмсауға дайын.
Клубтың бүйір қорғанысында сапалы ойыншы тапшылығы сезілгендіктен жас әрі жылдам қорғаушыны қатарға қосу маңызды шешім ретінде қаралуда. Transfermarkt дерегіне сүйенсек, Ливраментоның нарықтық құны шамамен 40 миллион еуро деп бағалануда.
2024/25 жылғы маусымда Ливраменто барлық турнирлерде 45 матчқа қатысып, 1 нәтижелі пас жасап, 3 сары қағаз алған. Оның тұрақты ойыны мен қарқынды манерасы "Сити" бапкерлер штабын ерекше қызықтырып отыр.