Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Рэшфорд "Арсеналға" тиісіп, кейін пікірін өшіріп тастады

Редактор Penalty.kz
28.07.2025, 08:17

Ағылшын футболының жарқын жұлдызы, қазір «Барселонада» жалға ойнап жүрген Маркус Рэшфорд әлеуметтік желіде «Арсенал» жанкүйерінің пікіріне жауап беріп, қызу талқылауға себеп болды.

фото: Gettyimages.ru
Реклама
Реклама

Күні кеше «Манчестер Юнайтедтен» Рэшфорд  «Барселонаға» жалға ауысып, испандық клубпен келісімшартқа отырды. Бұл трансфер көпшілікті таңдандырды, алайда шабуылшы өзінің жаңа клубында жаңа белестерді бағындыруға ниетті екендігін білдірді.

Жанкүйер пікірі

Instagram желісінде бір жанкүйер – Майки Смит — Рэшфордтың ауысымына байланысты келемеж пікір қалдырды:

«Сен «Арсеналдан» қорқып, Ла Лигаға қаштың».

Бұл пікірге Рэшфорд бірден жауап беріп, өзінің клубтық жетістіктерін атап өтті:

«Менде 10 жыл ішінде– 1 еуропалық трофей бар. Ал «Арсеналда» 137 жылда – 0 еуропалық трофей», – деп жазды ол.

Рэшфордтың жауабы өшірілді, бірақ шу басылар емес

Бірақ бұл жауап көп ұзамай өшірілді. Алайда жанкүйерлер бұл пікірді скриншоттап үлгерді, енді дәл сол пост астында «қайда Рэшфордтың жауабы?» деген сұрақтар көбейіп кетті. Бұл әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатыр.

Фактчекинг: кім қанша еуротрофей ұтып алған?

Рэшфорд расымен де 2016 жылы кәсіпқой мансабын бастаған сәттен бастап, 2017 жылы «Манчестер Юнайтедпен» бірге УЕФА Еуропа лигасын (Europa League) жеңіп алған. Бұл – оның мансабындағы жалғыз еуропалық титул.

Алайда Рэшфордтың сөзі толығымен шындыққа жанаса бермейді. Өйткені «Арсенал» футбол клубының тарихында екі еуропалық жетістік бар:

  • Кубок жәрмеңкелер кубогы (Inter-Cities Fairs Cup) — 1970 жыл
  • Кубок иегерлері кубогы (Cup Winners' Cup) — 1994 жыл. Яғни, «Арсеналдың» тарихында ресми түрде мойындалған екі еурокубоктық жеңісі бар.

Әлеуметтік желідегі эмоциялық жауаптар ойыншылардың беделіне де, клубаралық қарым-қатынастарға да әсер етуі мүмкін. Рэшфордтың жауабы көпшілік тарапынан сынға ұшырап, футбол әлеміндегі тағы бір қызу пікірталасқа себеп болды. «Барселонадағы» жаңа кезеңінде шабуылшыға өз сөзі емес, ісі арқылы дәлелдеуге тура келеді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары