Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Доннарумма «ПСЖ»-дан неге кетпек?

Редактор Penalty.kz
29.07.2025, 09:11

Италиялық қақпашы Джанлуиджи Доннарумма  Чемпиондар лигасын жеңіп алғаннан кейін де «Пари Сен-Жерменнен» кетуі мүмкін. Себебі – қаржылық талаптар. Бұл туралы L’Équipe және Foot Mercato басылымдары хабарлайды.

mancitycore.com
Реклама
Реклама

26 жастағы Джанлуиджи Доннарумма «ПСЖ»-мен жаңа келісімшартқа келісе алмай жатыр. Қақпашы жалақысын 15 млн еуроға дейін көтеруді талап етуде, ал қазіргі табысы жылына 13 млн шамасында. Париждік клуб, керісінше, жалақыны 10 млн-ға дейін қысқартып, айырманы бонустар арқылы өтеуді ұсынған.

Келісімшарт мерзімі 2026 жылға дейін ғана, сондықтан тараптар мәмілеге келмесе, қақпашыны жазда сатукүн тәртібіне шығады.

«ПСЖ» қақпашыны ауыстырып үлгерді ме?

L’Équipe мәліметінше, клуб «Лилль» қақпашысы Люка Шевальені шамамен 40 млн еуроға сатып алуға келіскен. Журналист Саша Тавольери Шевальеге негізгі құрам кепілдендірілгенін жазады. Бұл жағдай Доннарумманың болашағына күмән тудырып отыр.

Италиялық қақпашы ротацияны құптамайды, әр матчта ойнауға ұмтылады. Өткен маусымда ол Луис Энрике мен Матвей Сафоновтың ротациясына қарсы наразылық білдірген болатын.

Қызығушылық танытқан клубтар

Foot Mercato және Тавольери деректері бойынша, Доннаруммаға бірнеше клуб көз салып отыр:

  • «Челси» – Премьер-лигада ойнауға қарсы емес.
  • «МЮ» және «Манчестер Сити» – қызығушылық бар, бірақ бәрі негізгі қақпашылардың жағдайына байланысты.
  • «Галатасарай» – күтпеген үміткер, тиімді шарттар ұсынуға дайын.

Агенті не дейді?

2025 жылдың мамырында агент Энцо Райола былай деді:

«Доннарумма Парижде бақытты. Бірақ келісім болмаса, басқа нұсқаларды қарастырамыз. Басқа клубтардың қызығушылығы — жақсы белгі».

Сондай-ақ, клиентінің рөлін жоғары бағалап:

«Доннарумма – «Алтын допқа» лайық. Чемпиондар лигасын онсыз жеңу мүмкін болмас еді», – деді Райола.

 
Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары