"Елімай" Қазақстан Премьер-лигасының 20-турында "Ақтөбені" қабылдап, жанкүйерлеріне әсерлі камбэк сыйлады.
Бірінші таймда басымдық “Ақтөбеде” болды. 27-минутта Жайро Жан пенальтиді сәтті орындап есеп ашты.
Үзілістен кейін “Елімай” таразы басын теңестірді. Бұл жолы 53-минутта Ғалымжан Кенжебек пенальтиден мүлт кетпеді. Көп ұзамай ол Фессу Плакканың пасын сәтті пайдаланып, дубль авторы атанды.
Осы жеңістен кейін “Елімайдың” қоржынында 32 ұпай бар және команда турнирлік кестеде бесінші орында. “Ақтөбе”33 ұпаймен бір саты жоғары тұр.
“Елімай” (Семей) — “Ақтөбе” 2:1 (0:1)
Голдар: Жан (пен.) 27 — 0:1, Кенжебек (пен.) 53 — 1:1, Кенжебек 64 — 2:1.