Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов Қарағанды облыстық футбол қауымдастығының жаңа президенті болып сайланды. Бұл шешім бүгін өткен конференцияда қабылданды.
Турлов жиналыста аймақ футболын дамытуға арналған төрт жылдық стратегиялық бағдарламасын таныстырды. Бағдарлама негізінен:
“Футболдағы табыс үлкен стадионнан емес, ауладағы ойыннан, мектеп алаңынан басталады. Даму үшін жүйелі қадамдар, ашық басқару және тиімді инвестициялар қажет”, – деді Турлов.
Жаңа президенттің жоспарлары ауқымды:
Жас бапкерлерге де жаңа мүмкіндік беріледі – үздік мамандарға УЕФА лицензиясына оқуға және шетелдік тәжірибеден өтуге гранттар ұсынылады.
Freedom Holding Corp. Қарағанды облысының футболына 4 жыл ішінде 18,5 млрд теңге инвестиция құймақ:
Шілде айында Турлов құны 11–12 млрд теңге болатын жаңа академия жобасын таныстырған болатын.
Тимур Турлов – Freedom QJ League жастар лигасының қамқоршылық кеңесінің төрағасы. Бұл лиганы толықтай Freedom Holding Corp. қаржыландырады. Сонымен қатар ол Қазақстан шахмат федерациясының президенті қызметін де атқарады.