Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Астананың" жұмбақ шығыны: 1,3 миллиард теңге қайда кеткен?

Сарапшы, спорт журналисі
25.08.2025, 21:15

Қазақстан футболындағы ең беделді әрі ең көп жүлде жеңген клубтардың бірі саналатын "Астана" футбол клубының қаржылық есебі қоғамда жаңа сұрақтар туындатты. Құжаттардағы деректерге сүйенсек, кірістер аз болғанымен шығындар миллиардтаған теңгеге жеткен.

kazfootball.kz
Реклама
Реклама

Клубтың құрылтайшысы кім?

Заң жүзінде “Астана” ФК жеке мекеме ретінде тіркелген. Оның жалғыз құрылтайшысы — “Туризм мен спорт индустриясын қолдау қоры”. Ал бұл қордың артында елдегі ірі құрылымдар: “Қазспортинвест” АҚ пен Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті тұр. Бұл туралы aladop.kz жазады.

Кіріс көздері (2022 жыл)

Клубтың ресми қаржылық есебі бойынша негізгі табыс мынадай бағыттардан түскен:

  • UEFA-дан сыйақы мен үлес – 362,4 млн теңге (815 мың доллар)
  • Жарнама және демеушілік – 202,7 млн теңге (456 мың доллар)
  • Ойыншыларды сату және жалға беру – 141,3 млн теңге (318 мың доллар)
  • Билет сатылымы – 11,6 млн теңге (26 мың доллар)

Жалпы кірістер көлемі – шамамен 1 миллиард теңге.

Шығындар мен даулы бап

Қаржылық есептің басты назар аудартқан тұсы – “басқа арнайы шығындар”. Бұл бап 2022 жылы 1 289 686 000 теңге (шамамен 2,9 млн доллар) болған. 

Клубтың өзге шығындары:

  • Таза активтер – 249,3 млн теңге (561 мың доллар)
  • Негізгі құралдар – 144,0 млн теңге (257 мың доллар)
  • Амортизациялық шығындар – 184,2 млн теңге (414 мың доллар)

Осылайша кірісі небәрі 1 миллиардқа жуық болса да, шығыны одан әлдеқайда көп болып отыр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары