"Қайрат" пенальти сериясында Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтті (ВИДЕО)
27.08.2025, 00:39
Алматылықтар өз алаңында Шотландияның "Селтик" клубын қабылдады.
instagram/@f.c.kairat
Матч барысы
Ойын басталғаннан-ақ қос команда сақ ойнады. Бірінші таймда әр ұжым бір-бір қауіпті сәт ұйымдастырды. Қақпашы Темірлан Анарбеков командасын бірнеше қиындықтан құтқарып, бірінші таймды нөлдік есеппен аяқтады.
Үзілістен кейін "Қайрат" айып добын орындауға мүмкіндік алды. Бірақ Жоржиньо оны сәтті пайдалана алмады. Матчтың соңына қарай "Селтик" шабуылшысы Дайдзэн Маэда қақпашымен бетпе-бет шыққанымен допты жоғары тепті. Қосымша уақытта да Анарбеков қазақстандық жанкүйерлерді шебер сейвтерімен қуантты.
Нәтижесінде шешуші сәт пенальти сериясында анықталды. Мұнда алматылықтар мықтылығын көрсетіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
"Қайрат" (Алматы, Қазақстан) – "Селтик" (Глазго, Шотландия) 0:0, пен. 3:2
Бірінші кездесу: 0:0
Пенальти сериясы:
Айда — қиыс тепті (қақпашы)
Громыко — қиыс тепті (бағана)
Маккоуэн — қиыс тепті (қақпашы)
Мартынович — 1:0
Энгелс — 1:1
Арад — 2:1
Макгрегор — 2:2
Сорокин — 3:2
Маэда — қиыс тепті (қақпашы)
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама