УЕФА Чемпиондар лигасына жолдама алған "Қайрат" Қазақстан футболының жаңа тарихын жазды. Матчтың нәтижесіне тек жанкүйерлер емес, елдің үздік ойыншылары да қуанды.
Қазақстан құрамасының және Ресейдің "Зенит" клубының қорғаушысы Нұралы Әліп алматылық клубты ерекше құттықтады. 25 жастағы футболшы ойын кезінде әуе сапарында болғанына қарамастан смартфон арқылы матчты тамашалап, әсерлі сәттерін Instagram парақшасында бөлісті.
"Нурик бүгін "Қайратқа" жанкүйер болды. Чемпиондар лигасына шыққандарыңызбен құттықтаймыз!"– деп жазды "Зениттің" ресми аккаунты.
Сол күні "Зениті" Ресей Кубогының РПЛ жолындағы топтық кезеңінің үшінші турында сырт алаңда "Оренбургті" жеңді. Жүктемеге қарамастан Әліп өз клубының табысын атап қана қоймай, қазақ футболының мақтанышын қолдауды да ұмытпады.
Футболшы Instagram-сторисінде "Қайраттың" жанкүйерлерімен қуанышын бөлісіп, ойынның шешуші пенальти сәттерін жариялады. Бұл бейнелер қазақстандық жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырды.