Жалғыз гол "Қайратқа" жеңіс сыйлады (ВИДЕО)
31.08.2025, 18:05
Көкшетауда Қазақстан Премьер-Лигасының 22-турындағы кейінге шегерілген ойында "Оқжетпес" пен "Қайрат" кездесті.
kazfootball.kz
Матч барысы
Алғашқы минуттардан-ақ "Қайрат" қарсыласына қысым көрсетті. 8-минутта Жоржиньо қорғаушылардың қателігін пайдаланып, есеп ашты.
Бірінші таймның ортасына қарай көкшеліктер белсендірек ойнай бастады. Алайда нәтижелі соққы шығара алмады. Екінші таймда да алаң иелері шабуылға шыққанымен алматылықтар қорғанысты сенімді ұстады. Қорытынды есеп өзгермеді — 0:1.
Турнирлік жағдай
Бұл жеңістің арқасында "Қайрат" 46 ұпай жинап, көшбасшы "Астанамен" теңесті. Ал "Оқжетпес" 32 ұпаймен алтыншы орында қалды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама