«Селтик» Шотландия біріншілігінің төртінші турында мәңгілік қарсыласы «Рейнджерспен» тең ойнады. Матч Глазгодағы «Айброкс» стадионында өтіп, 0:0 есебімен аяқталды.
Бұл нәтиже «Селтикке» чемпионаттағы алғашқы ұпай жоғалтуымен ерекшеленді. Қазір олар 10 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр. Ал «Рейнджерс» төрт тең нәтижеден кейін небәрі 4 ұпай жинап, алтыншы орынға табан тіреген.
Бұл ойын «Селтик» үшін Чемпиондар лигасынан ұшып кеткеннен кейінгі алғашқы матч болды. Еске сала кетейік, плей-офф кезеңінде алматылық «Қайрат» пенальти сериясында 3:2 есебімен жеңіп, басты турнирдің топтық кезеңіне жолдама алды. Ал шотландиялық клуб Еуропа Лигасына ауысты.