Реклама
Реклама

Тәжікстан құрамасы ірі сенсация жасады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
04.09.2025, 23:08

2025 жылғы ФАЦА Ұлттар кубогының топтық кезеңіндегі үшінші турда Тәжікстан құрамасы күтпеген сенсация тіпкеді. Олар 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алған Иранмен тең ойнап, жанкүйерлерін қуантты. Гиссардағы Орталық стадионда өткен матч 2:2 есебімен аяқталды.

en.avesta.tj

Гиссардағы тарихи ойын

Иран бірінші таймның соңына қарай басымдықты қолға алды. 38-минутта Махди Мохеби есеп ашты.

Екінші таймның басында Мохаммад Мохебби есепті еселей түсті. 

Алайда өз алаңында ойнаған тәжік футболшылары рухты көрсетіп, керемет камбэк жасады. 58-минутта Шахром Самиев қарсыластар қақпасын дәл көздеді. 77-минутта Зоир Джурабоев таразы басын теңестірді.

Топтық кезең нәтижелері

B тобында ойындар аяқталғаннан кейін командалардың жағдайы мынадай болды:

  • Иран – 7 ұпай, бірінші орын. Финалға жолдама алды.
  • Үндістан – 4 ұпай, екінші орын. Үшінші орын үшін ойнайды.
  • Тәжікстан – 4 ұпай, үшінші орын.
  • Ауғанстан – 1 ұпай, төртінші орын.
Реклама
Реклама