Алматылық «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласы – Лиссабонның «Спортинг» клубы керемет формада қазір.
Чемпиондар лигасында «Қайраттың» алғашқы қарсыласы саналатын Лиссабонның «Спортинг» клубы шабуыл шебінде жойқын күшін көрсетті. Колумбия құрамасының шабуылшысы Луис Суарес небәрі 25 минуттың ішінде төрт гол соғып, әлемдік футбол жанкүйерлерін таңғалдырды.
Венесуэлаға қарсы өткен кездесуде 42-ші минуттан бастап 67-ші минутқа дейін Луис Суарес қарсылас қақпасын төрт рет дәл көздеді.
Бұл көрсеткіш оның қазіргі тамаша формасын дәлелдеп қана қоймай, Колумбия құрамасының ірі жеңісіне жол ашты. Нәтижесінде команда іріктеу кезеңін Аргентина мен Эквадордан кейінгі 3-орында аяқтады.
Жазда Суарес Испанияның «Альмерия» клубынан Лиссабонның «Спортингіне» ауысты.
Бұл оның жаңа командаға жылдам бейімделіп, негізгі шабуылшыға айналып үлгергенін көрсетеді.
18 қыркүйекте алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынын Лиссабонда өткізеді. Дәл осы матчта Луис Суарестің шабуылдағы қарқыны қазақстандық клуб үшін басты қауіптің бірі болмақ.