Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек футбол жанкүйерлерін таң қалдырған бастама көтерді. Ол «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчын Алматыда емес, «Астана Аренада» өткізу қажет екенін айтты.
Депутаттың пікірінше, Испаниядан келетін жанкүйерлер мен жалпы шетелдік туристер үшін Алматыға жету қолайсыз болуы мүмкін. Ұзақ жолдан бөлек, қыркүйектің соңындағы салқын ауа райы да қолайсыздық тудыруы ықтимал.
Сонымен қатар бұған дейін мадридтік клубтың фанаттары мен Уэльс футбол федерациясы Қазақстандағы кейбір стадиондардың жағдайына шағымданған болатын.
«Егер ел имиджі үшін қажет болса, футбол федерациясы ойынды елорданың басты аренасына көшіру мүмкіндігін қарастыруы тиіс. Ал аутсайдерлерге қарсы кездесулерді «Қайраттың» өз алаңында өткізе беруге болады», — деді Базарбек.
Еске салайық, көптен күткен «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы 30 қыркүйекте Алматыда өтеді деп жоспарланған. Ал билеттердің сатылымы 20 қыркүйекте басталады.