Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Андрей Карпович ұлттық құраманы тізгіндеуі мүмкін

Сарапшы, спорт журналисі
12.09.2025, 16:09

Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері ретінде Андрей Карповичтің есімі қарастырылып жатыр. Бұған дейін ол уақытша жаттықтырушы ретінде құрамаға жетекшілік еткен еді.

Bizmedia.kz
Реклама
Реклама

Қазақстан құрамасының келесі бас бапкері 44 жастағы Андрей Карпович болуы мүмкін. Ол бұған дейін де ұлттық құраманың уақытша бас бапкері міндетін атқарған. Dop Telegram-арнасы осылай дейді. 

2021–22 жылдардағы Ұлттар Лигасында Карпович Молдоваға қарсы қос матчта команданы бастап шыққан. Ол кезде Қазақстан құрамасы негізгі кезеңдегі орнын сақтап қалу үшін тартысты кездесуде пенальти сериясында жеңіске жеткен еді.

Қазіргі таңда Карпович Павлодардың «Елімай» клубын жаттықтырып жүр. Бұған дейін ол «Ақтөбе», «Қызылжар» және «Оқжетпес» клубтарының бас бапкері қызметін атқарған.

Қазақстан футболындағы беделді маман ретінде ол ойыншылармен жұмыс істеу тәжірибесі мол әрі жергілікті футболдың ішкі жағдайын жақсы біледі.

Неге бос орын пайда болды?

Бұл өзгерістер Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Әли Әлиевтің отставкасынан кейін туындап отыр. 8 қыркүйек күні Брюссельде Бельгиядан 0:6 есебімен ойсырай жеңілген соң Әлиев қызметінен кететінін мәлімдеді.

Әлиев биыл қаңтарда ресейлік Станислав Черчесовтың орнына келген болатын. Алайда оның жетекшілігімен ұлттық құрама небәрі екі рет жеңіске жетіп, алты ойында жеңіліс тапты.

Әлиев баспасөз мәслихатында барлық жауапкершілікті өз мойнына алып, федерация президентіне отставка туралы ресми өтініш беретінін айтқан.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары