Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстанның бес дүркін чемпионы басты матчта жеңіліске ұшырады

Сарапшы, спорт журналисі
12.09.2025, 19:32

Павлодардың «Ертіс» ФК Бірінші лиганың 21-турында сырт алаңда «Каспийге» жеңіліп қалды. Кездесу 2:0 есебімен аяқталды.

Instagram/@ertis_fk
Реклама
Реклама

Бірінші лиганың орталық ойыны

Ақтаулықтар сапында жеңіс голдарын Мирас Тұрлыбек пен Бақдәулет Көңлімқос соқты.

Бұл нәтижеден кейін «Каспий» көш басындағы орнын сақтап қалды. Ақтаулық клубтың еншісінде – 53 ұпай. Екінші орында – «Ертіс» (48 ұпай).  Үшінші сатыда «Алтай» (44 ұпай) орналасқан. 

«Ертістің» тарихы мен қазіргі мақсаты

Павлодардың атақты командасы ел біріншілігінде бес рет чемпион атанған. «Ертіс» 1993, 1997, 1999, 2002 және 2003 жылдары Қазақстан Премьер-лигасында топ жарған.

Алайда 2020 жылы қарыз салдарынан клуб Премьер-лигадан шығарылып, 2024 жылы екінші лигада ойнауға мәжбүр болды. Бір маусымнан кейін павлодарлықтар қайтадан бірінші лигаға көтерілді.

Қазір «Ертістің» басты мақсаты – ҚПЛ-2026 маусымына жолдама алу.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары