Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

«Астана» мен «Елімай» алты гол соқты

Сарапшы, спорт журналисі
14.09.2025, 21:15

«Астана Аренада» өткен 23-тур ойыны нағыз голдық триллерге айналды. «Астана» мен семейлік «Елімай» жанкүйерлерге әсерлі шоу сыйлап, матч 3:3 есебімен тең аяқталды.

instagram/@fc_elimai
Реклама
Реклама

Матч барысы

Кездесуді португалиялық төреші Жоао Гонсалвеш басқарды.

Алғашқы таймда астаналықтар басымдық танытып, алыстан соққан соққыларымен екі рет көзге түсті. Гол авторлары – Назми Грипши мен Алекса Аманович.

Дегенмен семейліктер есепті қысқартып, Кеваин Ролон «Астана» қақпасына гол соқты.

Екінші таймда Ғалымжан Кенжебек таразы басын теңестірді. Бірақ көп ұзамай Грипши дубль жасап, «Астананы» алға шығарды. Алайда шешуші сәтте Иван Свиридов гол салып, ойынды 3:3 есебімен жапты.

Турнирлік жағдай

Турнир кестесінде «Астана» 47 ұпаймен 2-орында, алматылық «Қайраттан» екі ұпайға ғана қалып тұр. «Елимай» 39 ұпай жинап, үздік бестіктің қатарында.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары